«Тоқтамыс» оңалту орталығында 21 қыркүйекте басталған SES сарапшысы Эльке Янекенің оқыту семинарлары өз мәресіне жетті.
Бірнеше апта бойы Эльке Янеке әріптестерімен сенсорлық интеграция және балалар эрготерапиясы саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, мамандарды оңалтудың заманауи әдістерімен таныстырды.
Орталық директоры Алия Рахметуллиновна жемісті ынтымақтастық пен оңалту тәжірибесін дамытуға қосқан үлесі үшін сарапшыға шынайы алғысын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Өз кезегінде Эльке Янеке орталық мамандарының кәсібилігін атап өтіп, оқытуға қатысушыларға сертификаттар табыстады.
Семинарлар тәжірибе алмасуға және оңалтудың озық әдістерін орталық жұмысына енгізуге мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
«Тоқтамыс» орталығының бүкіл ұжымы атынан Эльке Янекеге ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз! Кәсіби қызметіне табыс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!







