Бұл күн – адам денсаулығын қалпына келтіруге, қозғалыс мүмкіндігін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға өз үлесін қосып жүрген білікті мамандарға құрмет білдіретін ерекше күн.
Реабилитолог – пациенттің денсаулығын қалпына келтіру жолындағы маңызды мамандардың бірі. Олардың еңбегі тек емдік шаралармен шектелмейді. Әрбір пациентке сенім сыйлау, оның алға қарай қадам басуына қолдау көрсету, күнделікті өмірге қайта бейімделуіне көмектесу – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Сіздердің әр күнгі еңбектеріңіз талай жанның үмітін оятып, өмірге деген сенімін нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Пациенттің алғашқы қадамы, өздігінен жасаған әрбір қозғалысы, қол жеткізген әрбір нәтижесі – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.
Осы айтулы күнде барлық реабилитологтарға:
мықты денсаулық;
сарқылмас күш-қуат;
кәсіби жетістіктер;
еңбектеріңізге толағай табыс;
әр пациенттің ризашылығы мен алғысын;
отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Кәсіби біліміңіз бен тәжірибелеріңіз, мейірімділігіңіз бен жанашырлығыңыз талай адамның қалыпты өмірге оралуына себеп бола берсін.
Адам денсаулығын қалпына келтіруге қосып жүрген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
Реабилитологтар күні құтты болсын!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!







