Құрметті пациенттер!
TOQTAMYS оңалту орталығында ересектер мен балаларға арналған пульмонолог Тұрысбекова Арайлым Қазбекқызы қабылдау жүргізеді.
Тыныс алу жүйесінің саулығы – жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі. Егер сізді немесе балаңызды ұзақ уақытқа созылған жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы, жиі қайталанатын бронхит, өкпе қабынуы, бронхиалды демікпе немесе басқа да тыныс алу жолдарының аурулары мазаласа, маманның кеңесіне уақытылы жүгінуді ұсынамыз.
Дәрігер қабылдау барысында сіздің жағдайыңызды жан-жақты бағалап, қажетті тексерулерге жолдама береді және тиімді емдеу мен алдын алу бойынша ұсыныстар ұсынады. Ерте қойылған диагноз – емнің нәтижелі болуының басты кепілі.
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі–Жұма
09:00–12:00
Жолдамамен – тегін
Ақылы қабылдау – 7500 теңге
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмай, бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз!
Жазылу үшін:
+7 (779) 929-12-75
+7 (777) 783-54-38







