«Тоқтамыс» орталығында қауіпсіздік техникасына арналған жиналыс өтті.
Кездесу барысында қызметкерлермен қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ ішкі тәртіпті сақтау және жұмыс орнындағы жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Жиналыс кезінде сақтық шараларын сақтау, қызметкерлердің ұқыптылығы мен орталыққа келушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Осындай шаралар орталықтағы қызметкерлер мен келушілер үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ ұжымның жауапкершілігі мен ұйымшылдығын арттыруға ықпал етеді.







