«Тоқтамыс» оңалту орталығына кәсіби сапармен Германиядан SES сарапшысы Моника Англер келді. Ол физиотерапияның барлық негізгі бағыттары бойынша терең білімі мен көпжылдық тәжірибесіне ие, әсіресе балалар тәжірибесіне ерекше көңіл бөледі.
Моника Англер хирургиялық және жарақаттан кейінгі ортопедиялық жағдайларды емдеуге, күрделі клиникалық жағдайлармен жұмыс істеуге, неврологиялық ауруларды терапиялауға, сондай-ақ балалардың операциядан кейінгі оңалтуына маманданған.
Бұған дейін де Моника Англер 🇩🇪Германиядан «Тоқтамыс» орталығына келіп, біздің ЕДШ (ЛФК) нұсқаушыларына Бобат-терапия әдістемесі бойынша оқыту жүргізген болатын.
Ағымдағы сапары барысында ол мамандардың білімін тереңдетуге, бұрын меңгерілген дағдыларды жүйелеуге және оларды жоғары кәсіби деңгейге жеткізуге көмектесуде.
Бұл жолғы сапарының негізгі мақсаты — жаңа авторлық әдістеме, яғни гидрокинезотерапия (Halliwick Concept) бойынша команданы оқыту. Оқыту барысында Halliwick Concept әдісінің теориялық және практикалық негіздеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Halliwick әдістемесі — суда денені бақылауды үйретуге бағытталған заманауи тәсіл. Ол тепе-теңдікті, үйлесімділікті және су ортасында сенімділікті дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс неврологиялық және қозғалыс бұзылыстары бар балалар мен ересектерді оңалтуда кеңінен қолданылады.
Осы бағыттың арқасында біздің нұсқаушылар практикалық дағдыларын жетілдіріп, суда жұмыс істеу әдістерін меңгеріп, пациенттерді оңалтудың мүмкіндіктерін кеңейтеді, тиімді әрі жұмсақ су процедураларын қолдана отырып.







