«Тоқтамыс» оңалту орталығының мамандары «Балалар неврологы мен педиатр тәжірибесіндегі орфандық аурулар» тақырыбында әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің қатысуымен шеберлік сабағын өткізді.
Ғылыми-тәжірибелік іс-шара аясында Дюшенн бұлшықет дистрофиясы бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи аспектілеріне арналған баяндамалар ұсынылды.
Өз баяндамаларын ұсынды:
Алимбаева Алия Рахметуллиновна — «Тоқтамыс» оңалту орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, жоғары санатты педиатр дәрігер, реабилитолог дәрігер, «Семей медицина университеті» КЕАҚ медициналық оңалту және неонатология кафедрасының меңгерушісі, тақырыбы:
«Дюшенн бұлшықет дистрофиясы бар пациенттерді оңалтудың ерекшеліктері».
Даирбеков Ернар Ертуғанұлы — «Тоқтамыс» оңалту орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, реабилитолог дәрігер, балалар кардиологы, «Семей медицина университеті» КЕАҚ медициналық оңалту және неонатология кафедрасының ассистенті, тақырыбы:
«Дюшенн бұлшықет дистрофиясы бар пациенттерді кардиолог дәрігердің бақылау ерекшеліктері».
Баяндамалар барысында пациенттерді мультидисциплинарлық тәсілмен жүргізудің заманауи жолдары, оның ішінде кардиологиялық мониторинг және кешенді оңалту мәселелері қарастырылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу тәжірибелі мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи клиникалық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.







