«TOQTAMYS» оңалту орталығында ересектер бөлімі ашылуына байланысты аға және орта буын медициналық персоналға арналған арнайы оқыту ұйымдастырылды.
Оқытуды дәрігер-реабилитолог Заманбеков Оспан Агабекұлы жүргізді. Оқу барысында заманауи әрі тиімді физиотерапиялық емдеу әдістерін тәжірибелік тұрғыда меңгеруге ерекше назар аударылды.
Оқыту бағдарламасына келесі әдістемелер енгізілді:
• Соққы-толқынды терапия (УВТ)
• Лазерлік терапия
• Магнитотерапия
• Иглорефлексотерапия
Оқыту достық және жайлы атмосферада өтіп, ашық диалогқа, тәжірибе алмасуға және оқу материалын тиімді меңгеруге мүмкіндік берді.
Оқыту қорытындысы бойынша медициналық персонал кәсіби құзыреттілігін арттырып, пациенттерге сапалы оңалту көмегін көрсетуге қажетті өзекті практикалық дағдыларды игерді.







