Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында AdiletGov мобильдік қосымшасын іске қосты. Осыған орай, Абай өңірі азаматтарының әртүрлі ақпарат түрлеріне, сондай-ақ атқарушы өндірісіне байланысты қызметтерге ыңғайлы және жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, қосымшаға сәйкес жіберілген ақпаратты өз құзыреттеріңіз шегінде (мемлекеттік ғимараттарда, Led экрандарда, ресми әлеуметтік парақшаларда және сайттарда, халық көп шоғырланатын орындарда, автобекеттерде, теміржол вокзалдары, әуежай ғимараттарының күту залдарында және ірі қаланың қоғамдық көліктерінде) орналастыруларыңызды сұраймыз.
Атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратты 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде, міндетті түрде фотосурет және бейнежазба форматында m.serikbaev@akimatabai.gov.kzmailto:m.serikbaev@akimatabai.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауларыңыз қажет.







