Құрметті достар! Бүгін біз сіздерді біздің «Тоқтамыс» орталығында төрт жылдан бері еңбек етіп келе жатқан мейірбике — Бикенова Гүлжан Жанарбекқызымен таныстырғымыз келеді. Оның жанашырлығы, мұқияттылығы мен жауапкершілігі кішкентай пациенттеріміздің сауығып, қалпына келу жолындағы маңызды бөліктерінің біріне айналды.
Гүлжан өзінің медициналық жолын 2016 жылы «Авиценна» медициналық колледжді «Жалпы мейірбике ісі» мамандығы бойынша аяқтаудан бастады. 2019 жылдан 2023 жылға дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасында операциялық мейірбике болып қызмет атқарып, жоғары жауапкершілікті талап ететін жағдайда құнды тәжірибе жинады. Осы кезеңде ол базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін бірнеше рет дәлелдеді.
Кәсіби дамуға деген ұмтылыс Гүлжан үшін жай сөз емес. Ол «Жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді қамтитын жалпы мейірбике технологиялары» және «Операциялық мейірбикенің қызметіндегі өзекті мәселелер» бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтаған. Бұл білімдерін қазіргі таңда орталықтағы күнделікті жұмысында нәтижелі қолдануда.
Орталығымызда қызмет атқарып келе жатқан жарты жыл ішінде Гүлжан Жанарбекқызы өз ісінің нағыз маманы ретінде танылып, тек әріптестерінің ғана емес, ата-аналардың да сеніміне ие болды. Оның кәсіби нақтылығы, қамқорлығы мен әрбір балаға деген шынайы жанашырлығы үлкен құрметке лайық.







