Медицина қызметкерінің моральдық жауапкершілігі оның медициналық этика мен деонтологияның барлық принциптерін сақтауын білдіреді. Бұл пациенттерді емдеу мен оңалтуда толық сәйкестікке, пациенттің сенімінің жоғарлауына және ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.
Сондықтан 4 сәуір күні резидент-реабилитологтар кафедраның клиникалық базаларының бірі – “Тоқтамыс” БОО орта және кіші медициналық персоналына “Медицинадағы этика және деонтология” тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында медициналық этика, адамгершілік, мораль тақырыптары және олардың қандай ұғымдар мен принциптерді қамтитыны ашылды. Сондай-ақ, ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың мысалдары қарастырылды. Атап айтқанда : “медицина қызметкері – пациент”, “медицина қызметкері – пациенттің туыстары”, “медицина қызметкері – медицина қызметкері” арасындағы қарым-қатынас көрсетілді
Дәріске “Тоқтамыс” БОО-ның 20 қызметкері және 4 резидент-реабилитолог қатысты: Аблакимова Айым, Алибек Ернар, Даутбекова Дамира, Даулетжарова Жайық.








