16 мен 21 маусым аралығында «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының маманы Наурызбаева Меруерт Танирбергенқызы конфликтология тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты.
Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар қақтығыстарды басқарудың теориялық негіздерімен, дауларды конструктивті шешу әдістерімен, сондай-ақ кәсіби ортадағы жанжал жағдайларымен жұмыс істеудің практикалық құралдарымен танысты.
Меруерт Танирбергенқызы алған білімін балалармен және ата-аналармен жұмыс барысында, сондай-ақ ұжымдық қызметте қолдануды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде Орталықта салауатты психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.