13-17 маусым аралығында Абай облысының мүгедектігі бар тұлғаларды абилитациялау және реабилитациялау орталығында «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты реформалау аясында кешенді сипаттағы арнайы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру бойынша жергілікті өзін-өзі басқару мамандарын оқыту» тақырыбында көшпелі семинар өтті.
Семинарды тәжірибелі мамандар – «Кенес» орталығының қызметкерлері өткізді. Қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтерді тиімді ұйымдастыру мен көрсету бойынша жаңа білім мен практикалық ұсыныстар алды.
Аталған семинарға «Токтамыс» балаларды оңалту Орталығының психологы Мұхаметқалиева Еркежан Ерланқызы қатысты. Оқу барысында алынған білім мен тәжірибе орталық мамандарының жұмысын одан әрі жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.