Дүйсенбі күні «Токтамыс» балаларды оңалту Орталығында педагог-психологтар, дефектологтар және логопедтерге арналған Халықаралық функциялау классификациясы, өмірлік және денсаулық шектеулері (ХФК) бойынша оқыту өткізілді.
ХФК— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген және әлем бойынша мойындалған классификация. Ол адамның функциялық жағдайын, өмір сүру шектеулерін және денсаулыққа әсер ететін қоршаған орта факторларын сипаттап, жүйелейді.
Оқыту барысында орталық мамандары балалардың функциялық жағдайын бағалау, оңалту диагнозын қою, сондай-ақ оңалту процесінің мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау қағидаттарын тереңірек меңгерді.ХФК-ны күнделікті тәжірибеде қолдану әрбір балаға барынша тиімді әрі жеке көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, «Токтамыс» Орталығының кішкентай пациенттерінің денсаулығын қалпына келтіруге және олардың әлеуетін дамытуға бағытталған жұмысында ерекше маңызға ие.