«Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мерекелік күнде денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби жетістіктері және көп жылдық адал еңбегі үшін Орталықтың бірқатар қызметкерлері Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының, Абай облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ филиалының және Орталық әкімшілігінің алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды.
Орталық басшылығы ұжымды мерекемен құттықтап, медицина қызметкерлеріне балалардың денсаулығын сақтау жолындағы жанқиярлық еңбектері мен жоғары кәсібиліктері үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің ауыр, бірақ аса қадірлі еңбектеріңіз әрдайым сұранысқа ие болсын, өмірлеріңіз шаттыққа, бақыт пен зор денсаулыққа толы болғай!