Бүгін, 12 маусым күні, біздің Орталыққа жұмыс сапарымен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» АҚ (ҰБОО) түзету-әдістемелік бөлімінің психологы Ешенғазина Айғаным Серікқалиевна келді.
Сапардың басты мақсаты – балаларға оңалту қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік көмек көрсету. Кездесу барысында амбулаториялық-емханалық деңгейде балаларды оңалту саласындағы қазіргі жағдай талқыланып, оңалту көмегінің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды, сондай-ақ Орталық мамандарына көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу барысында Орталықтың мүмкіндіктері, соның ішінде жабдықталу деңгейі, мамандардың жоғары біліктілігі және балаларды кешенді оңалту бағдарламалары таныстырылды.
Мұндай іс-шаралар Қазақстандағы балаларды оңалту жүйесін нығайтуда маңызды рөл атқарады, көмек көрсетудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге, өңірлердегі мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және ең бастысы – оңалтуды қажет ететін балалардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.