Біздің Орталық балаларды түрлі, тіпті ең күрделі патологиялардан оңалту саласында жетекші орындардың бірін иеленіп отыр. Мұндай жоғары сапа тек жақсы жабдықталу мен заманауи оңалту әдістерінің енгізілуімен ғана емес, ең алдымен, кішкентай науқастарымызға білікті медициналық көмек көрсету үшін өз білімдері мен тәжірибелерін толық пайдаланатын кәсіби және ұйымшыл мамандар командасының арқасында мүмкін болып отыр.
Алдында оқырмандарымызды командамыздың көптеген мамандарымен, олардың жетістіктері мен табыстары мен таныстырған болатынбыз. Осы дәстүрді жалғастыра келе, сіздерді өз ісінің тағы бір шеберімен таныстырғымыз келеді – бұл дәрігер-реабилитолог, қолмен емдеу маманы, иглорефлексотерапевт Алибек Ернар Николаевич.
Ернар Николаевич – «Семей медицина университеті» КеАҚ түлегі, ол бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде медициналық оңалту, остеопатия, акупунктура салаларында арнайы оқуларынан өткен. Осымен қоса, Ернар Николаевич – «Қазақстан массаж федерациясының» мүшесі болып келеді. Жыл сайын Ернар Николаевич өзінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көрсетіп қана қоймай, үнемі дамып, оңалтудың жаңа әдістерін меңгеріп келеді. Оның күнделікті еңбегі тек әріптестерінің ғана емес, сонымен қатар пациенттер мен олардың ата-аналарының да құрметіне ие болды.