21 мамырда біздің орталығымызда JASPER-терапияның қолданылуы мен ерекшеліктері бойынша оқыту семинары өтті. JASPER терапиясы – бұл бастапқысында аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балаларға арналған, бірақ қазіргі уақытта әлеуметтік коммуникация дағдыларында қиындықтары бар балалардың басқа санаттары үшін де сәтті қолданылатын әлеуметтік коммуникация негіздерін дамытудың ойын терапевтік әдістерінің бірі. Бұл әдіс сөйлеу және ойын қабілеттерін дамытудың мүлдем басқа деңгейлері бар балаларға, соның ішінде ойынның зерттеу деңгейі бар вербалды емес балаларға жарамды (бала ойыншықтарды ұра бастағанда немесе оларды аузына «тарта» бастағанда). Ол мінез-құлықты қолданбалы талдау принциптеріне, сондай-ақ натуралистік тәсілдерге негізделген (күнделікті тәртіп барысында қолданылатын тәсілдер, мысалы, үй жағдайында).
Әріптестерге оқыту семинарын орталықтың психологы Дүкенова Динара Қанатқызы өткізді