23-24 сәуірде Семейде «Аутизм победим» жобасының практикалық тәжірибесі негізінде АСБ бар балалармен жұмыс істеудің кешенді тәсілдері» атты семинары өтті. Семинар жұмысына жетекші түзету және оңалту орталықтарының психологтары мен логопедтері қатысты. Біздің Орталығымыздан семинар жұмысына психолог Еркежан Мұхамметқалиева қатысты.
Семинарды «Добровольное Общество Милосердие» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Кездесу барысында «Аутизм победим» жобасының тәжірибесі мен жұмыс бағыттары ұсынылды. Сондай-ақ аутизмнің әртүрлі аспектілері, проблемалар, жұмыс әдістері, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары талқыланды. Семинар тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және түрлі бағыттағы мамандармен ынтымақтастық орнату үшін маңызды алаңға айналды.