«Тоқтамыс» балаларды оңалту Орталығында оңалтушылар мен нұсқаушыларыға арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Оқытуды физиотерапияның барлық негізгі салаларында, әсіресе балалар терапиясындағы кең білімі мен тәжірибесі бар SES сарапшысы Моника Англер жүргізеді. Ол, атап айтқанда, неврология саласындағы хирургиялық, жарақаттан кейінгі, ортопедиялық және ауыр клиникалық ауруларды, соның ішінде балаларды операциядан кейінгі емдеуді бағытында сарапшы болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, оқыту семинарлары 21 қазанда басталған еді, бірнеше апта ішінде Орталықтың нұсқаушылары мен реабилитологтары шетелдік тәжірибені сәтті игеріп, оқыту барысында өздерінің жоғары нәтижелерін, кәсібилігін және шетелдік әріптесімен жұмыстың тиімді үйлесімділігін көрсетуде. Айта кетейік, семинарлар 10 қарашада аяқталады деп жоспарланған.