Достар! Осы сенбіде Біздің Орталықта бобат терапиясы- балалардың бұлшықет тонусын қалпына келтіруге көмектесетін және дұрыс моториканың дамуын ынталандыратын бірегей нейро-дамыту емдеуі бойынша шеберлік оқытулары өтті. Дәрісті Астананың ұлттық балаларды оңалту орталығының аға бобат-терапевті, балалар невропатологы және реабилитологы Шалбарбаева Гүлжан Ақаралқызы жүргізді.
Оқыту семинары барысында әдістеменің барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтары ұсынылып қана қоймай, оларды орындау әдістері де айқын көрсетілді. Кездесуге қатысушылар спикерге қызықтырған сұрақтарын қойып, бобат-терапия туралы өз пікірлерімен бөлісуге де мүмкіндік алды.
Айта кету керек, бұл еліміздің жетекші орталықтарының сарапшыларының қатысуымен өтетін соңғы іс-шара емес. Сондықтан, сіздерден қызықтыратын іс-шараларды жіберіп алмау үшін- бізді Instagram-дағы парақшамызға жазылып, пайдалы сілтемелермен достарыңызбен және жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпауларыңызды сұраймыз!