15 қыркүйекте еліміздің оңтүстік астанасы- Алматыда Орталығымыздың акупунктура дәрігері Ернар Әлібек «Заманауи оңалту технологиялары» атты халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.
Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен реабилитологтар, невропатологтар, хирургтар, кардиологтар, невропатологтар қатысты. Конференция жұмысына Оңтүстік Кореядан келген оңалту саласындағы профессорлар да қатысты.
Кездесу барысында Қазақстанның оңалту қызметінің бүгінгі негіздері айтылды. Осы тақырып бойынша ҚР ДСМ-нің Қазақстандағы физикалық медицина және оңалту жөніндегі штаттан тыс бас маманы Ғалия Амангазиевна Жанаспаева баяндама жасады.
Сондай-ақ, оңалтудың көптеген жаңа әдістері, соның ішінде Кореяда қабылданатын өзекті әдістер де ұсынылды, оларды болашақта Қазақстанда енгізу жоспарлануда. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, әріптестерімен тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға, оңалту қызметін дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды. Айта кетейік, осындай бастамалардың бірі ҚР реабилитологтар қауымдастығын құру болды, оның ерекшеліктері конференция барысында да айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.
