Біздің «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының базасында барлық Семей қаласыеың психологтарына арналған сенсорлық интеграциясы бұзылған балалармен жұмыс бойынша мастер-класс өтті. Оқытуды Астана қаласының Ұлттық балаларды оңалту орталығының әріптестері жүргізді. Тренинг барысында елордалық психологтар сенсорлық интеграция процестерінің бұзылуының ерекшеліктерін айтып, көрнекі материалдармен, сондай-ақ балаларды оңалту тәжірибесімен бөлісті. Психолог кабинетін, сенсорлық бөлмені, сондай-ақ ұлттық балаларды оңалту орталығының үйлестіру-әдістемелік бөлімін ұйымдастыру тәжірибесі айқын көрсетілді. Оқыту семинары тәжірибе алмасудың және ең кішкентай пациенттерді оңалтуда заманауи алгоритмдерді біріктірудің маңызды кезеңі болды.
25 жылдан астам балаларды оңалту бағытында үздіксіз жұмыс атқарып кележатқан «Тоқтамыс» ұжымына ұйымдастырылған шараға тыңдаушылар жылы лебіздерін білдіріп, «-осы бастама арықарай жалғасын табаберсін», – деген тілектер аитты.